Жаңа оқу жылы қарсаңында жарты миллион оқушыға көмек көрсетіледі

Фото: Zakon.kz
2025–2026 оқу жылының қарсаңында елімізде "Жалпыға бірдей білім беру" қоры аясында оқушыларды мектепке дайындау жұмыстары жүргізілуде. Биыл 500 мыңнан астам балаға қолдау көрсетілмек.

Қор дәстүрлі түрде жетім, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға, аз қамтылған және атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасы балаларына көмек береді. Сонымен қатар, өмірлік қиын жағдайға тап болған балалар да назардан тыс қалмайды.

Көмек ата-аналардың есепшоттарына аударылады, бұл оларға мектеп формасын, аяқ киім және кеңсе тауарларын өздігінен таңдауға мүмкіндік береді. 2025 жылы бір балаға берілетін ең төменгі сома көлемі – 46 228 теңге.

"Оқу-ағарту министрлігі әлеуметтік осал санаттағы балаларға көмек көрсету бойынша ашық әрі ыңғайлы тетік қалыптастырды. Бұл қолдау шарасы бүгінде барлық өңірде іске асырылуда", – деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Насымжан Оспанова.

"Жалпыға бірдей білім беру" қоры жыл сайын мыңдаған баланың оқу жылына дайындалуына жағдай жасап келеді. Биыл бұл мақсатқа өткен жылғыдай көлемде қаржы қарастырылған.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы