Ұялы байланыс операторлары тарифтерінің өсуіне цифрлық даму министрлігі түсініктеме берді

Фото: pexels
2025 жылғы 5 тамызда цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Дмитрий Мун үкіметтегі баспасөз конференциясында ұялы байланыс операторлары қызметтерінің тарифтерінің өсуін неге шектей алмайтынын түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Ол 2017 жылдан бері байланыс қызметтері тарифтері реттелмейтінін және олардың нарықтағы бәсекелестік жағдайында қалыптасатынын еске салды.

"Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінен, біздің білуімізше, операторларға тарифтерінің құрамдас бөліктерін көрсетуге қатысты ескертулер жіберілген – бұл жерде қоғамдық тыңдаулар мен ережелерге сай тиісті рәсімдер өткізілуі тиіс. МЦРИАП тарапынан қазіргі уақытта тарифтердің өсуіне шектеу қою құзыреті жоқ – бұл АЗРҚ-ның өкілеттігі", – деді Дмитрий Мун.

Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылғы 4 шілдеде цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мадиев интернеттің Қазақстанда қымбаттамай, керісінше арзандап келе жатқанын айтқан болатын.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы