Смартфон арқылы жасалатын алаяқтық: Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ескерту жасады

Фото: pexels
2025 жылғы 8 тамызда Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банктер сенімді қорғаныс жүйелерін пайдаланғанына қарамастан, алаяқтар қолданушылардың мінез-құлқындағы осал тұстарды белсенді пайдаланатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Финреттеуші өз қаражатыңызды қорғауға көмектесетін қарапайым, бірақ маңызды ұсыныстармен бөлісті.

Қоғамдық Wi-Fi желілерін пайдаланудағы қауіпсіздік шаралары

Кафе, сауда орталықтары, қонақүйлер сияқты қоғамдық орындардағы Wi-Fi желілері жиі дұрыс қорғалмайды.

Мұндай желілерге қосылған кезде алаяқтардың:

Қоғамдық Wi-Fi арқылы мобильді банкингті пайдаланғанда қауіпсіздік үшін:

Күрделі және сенімді құпиясөздерді қолданыңыз

Банктік қосымшаға арналған құпиясөз күрделі әрі бірегей болуы тиіс – оны әлеуметтік желі немесе электронды пошта үшін қолданатын құпиясөзбен шатастырмаңыз. Бұл басқа аккаунт бұзылған жағдайда банк деректеріңіздің қорғалуына көмектеседі.

Құпиясөз қауіпсіздігі үшін:

Қос факторлы аутентификация (2FA) – қосымша қорғаныс құралы

Қос факторлы аутентификация – бұл аккаунтыңызға кіргенде тек құпиясөзбен шектелмей, бір реттік код арқылы (мысалы, SMS арқылы) кіруді талап ететін қосымша қауіпсіздік әдісі.

Максималды қауіпсіздік үшін:

Банк тарапынан жіберілетін хабарламаларды қосыңыз.

Шотыңыздағы барлық операциялар туралы SMS немесе push-хабарламаларды қосып қойыңыз. Бұл кез келген күдікті әрекетті дереу байқап, шотқа қолжетімділікті уақытылы бұғаттауға мүмкіндік береді.

Қосымшаларды тек ресми көздерден жүктеңіз

Мобильді банкинг қосымшасын тек ресми дүкендерден – App Store немесе Google Play арқылы және ресми әзірлеушіден жүктеңіз.

Мына әрекеттерден сақ болыңыз:

Бұл зиянды бағдарламалардың телефоныңызға енуіне жол ашуы мүмкін.

Құрылғыға қолжетімділікті қорғаңыз

Қосымша қауіпсіздік шаралары

Агенттік ескертеді: банк қызметкерлері ешқашан растау кодтарын, құпиясөздерді немесе карта деректерін сұрамайды. Егер күмәнді әрекетке тап болсаңыз, дереу банкіңізге хабарласыңыз.

Бұған дейін қазақстандық киберқылмыскерлер Болгария азаматының шотынан бірнеше миллион теңге ұрлағаны хабарланған болатын.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты