"Президент жарлығымен Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетіне "ұлттық" мәртебе берілді. Бұл – әділетті әрі тарихи шешім. Себебі 1991 жылға дейін Қазақстанда тек екі университет деңгейіндегі жоғары оқу орны болды: ҚазМУ және КарМУ (қазіргі Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті). Бұл факт КарМУ-дың сол кездегі де, бүгінгі де деңгейі мен әлеуетін айқын көрсетеді", – деп жазды Аймағамбетов.
Бұл бюджеттен бөлінетін қаржының артуына әсер етеді.
Осыған сай университеттегі ұстаздардың еңбекақысы өсіп, оқу ордасынык материалдық-техникалық базасы дамиды.
Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (1972 жылы құрылды) – 1992 жылдан бері академик Е.Бөкетовтың есімімен аталады (оған дейін педагогикалық институт; 1972 — мемлекеттік университет ретінде қайта құрылды)
Бүгінде университетте шамамен 13 мың студент білім алып жатыр, 13 факультет пен 48 кафедра қызмет көрсетеді.
2024 жылы оқу орнына "зерттеу университеті" мәртебесі берілген еді.