Қазақстан Вашингтон моделі негізінде БҰҰ аясында жасанды интеллектіні реттеуді қолдайды

Касым-Жомарт Токаев, президент Республики Казахстан, президент РК, глава государства , сурет - Zakon.kz жаңалық 19.11.2026 13:54 Фото: akorda.kz
Қазақстан жасанды интеллектіні енгізуде ғылым мен білімге басымдық береді. III Стратегиялық серіктестер форумында Тоқаев елімізде осы саладағы зерттеулерге маманданған алғашқы университет жұмысын бастағанын және студенттерге арналған AI-Sana бағдарламасы қолға алынғанын айтты.
"Зерттеуші ғалымдарымыз KazLLM және AlemLLM деп аталатын ұлттық тіл модельдерінің басты элементтерін жасап шығарды. Биыл қазан айында Qazaq AI Research University жұмысын бастады. Бұл – еліміздегі жасанды интеллект зерттеулеріне маманданған алғашқы білім ордасы", – деді Мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, AI-Sana бағдарламасы студенттердің жасанды интеллект саласындағы дағдыларын қалыптастыруға, технологиялық кәсіпкерлікті дамытуға және DeepTech-стартаптарды қолдауға бағытталған.

Тоқаев 2026 жылды "Цифрландыру және жасанды интеллект жылы" деп жариялағанын еске салды. Оның сөзінше, Қазақстан жасанды интеллектіні барлық салаға енгізуге кірісті. Елімізде "Жасанды интеллект туралы" заң қабылданып, Цифрлық кодекс бекітілді. Сондай-ақ Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылды.

"Біз Жасанды интеллектіні қауіпсіз жолмен әрі жауапкершілікпен дамытуды көздейтін "Вашингтон моделін" қолдадық. Ол БҰҰ аясында жасанды интеллектіні реттеудің жаһандық ережелерін әзірлеуге негіз болады", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: