Президент: Қазақстан адам капиталына басымдық беріп, нақты стратегиялық таңдауын жасады

Тоқаев: Қазақстан адам капиталына басымдық беріп, нақты стратегиялық таңдауын жасады  Президент Қасым-Жомарт Тоқаев III Стратегиялық серіктестер форумында таланттар мен технологиялар үшін жаһандық бәсеке күшейгенін айтты. Мемлекет басшысының сөзінше, мұндай жағдайда Қазақстан адам капиталын дамытуға басымдық береді, деп хабарлайды Zakon.kz.  Президент елдің әлемдегі орнын енді оның зияткерлік әлеуеті мен инновациялық қабілеті айқындайтынын атап өтті.  «Осындай заманда Қазақстан адам капиталына басымдық беріп, нақты стратегиялық таңдауын жасады. Яғни, біз, ең алдымен, отандық және шетелдік білікті маманды жоғары бағалаймыз», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.  Мемлекет басшысы бұл таңдаудың жаңа Конституцияда да көрініс тапқанын айтты.  «Жаңа Конституциямызда білім, ғылым және инновацияны ұлтымыздың келешек дамуының стратегиялық діңгегі ретінде бекіттік», – деді Президент.  Тоқаев форумға қатысқан ғылыми қауым өкілдері, университет басшылары мен халықаралық серіктестер Қазақстанның жаңа стратегиясын мұқият зерделеп, оның жаңашыл рухын лайықты бағалайтынына сенім білдірді., сурет - Zakon.kz жаңалық 19.11.2026 13:18 Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев III Стратегиялық серіктестер форумында таланттар мен технологиялар үшін жаһандық бәсеке күшейгенін айтты. Мемлекет басшысының сөзінше, мұндай жағдайда Қазақстан адам капиталын дамытуға басымдық береді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент елдің әлемдегі орнын енді оның зияткерлік әлеуеті мен инновациялық қабілеті айқындайтынын атап өтті.

"Осындай заманда Қазақстан адам капиталына басымдық беріп, нақты стратегиялық таңдауын жасады. Яғни, біз, ең алдымен, отандық және шетелдік білікті маманды жоғары бағалаймыз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы бұл таңдаудың жаңа Конституцияда да көрініс тапқанын айтты.

"Жаңа Конституциямызда білім, ғылым және инновацияны ұлтымыздың келешек дамуының стратегиялық діңгегі ретінде бекіттік", – деді Президент.

Тоқаев форумға қатысқан ғылыми қауым өкілдері, университет басшылары мен халықаралық серіктестер Қазақстанның жаңа стратегиясын мұқият зерделеп, оның жаңашыл рухын лайықты бағалайтынына сенім білдірді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: