Білім, ғылым, инновация: Тоқаев Қазақстанның стратегиялық бағытын атады
Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық тамыз конференциясының пленарлық отырысында жаңа Конституцияда білім, ғылым және адам капиталын дамытуға ерекше мән берілгенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Президент биылғы Тамыз конференциясы елдегі ауқымды өзгерістер кезеңімен тұспа-тұс келгеніне назар аударды.
"Биылғы Тамыз конференциясы еліміздегі ауқымды өзгерістер кезеңіне тұспа-тұс келді. Бәріміз бір ел болып, түбегейлі реформаларды ойдағыдай жүзеге асырдық", – деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев наурыз айында өткен жалпыұлттық референдум нәтижесінде жаңа Халық Конституциясы қабылданғанын атап өтті. Оның айтуынша, тұтас қоғам қолдаған Ата заң 1 шілдеде күшіне енді.
"Бұл – еліміз үшін маңызы ерекше тарихи оқиға. Бас құжатта тұңғыш рет білім саласына айрықша мән берілді, яғни адам капиталын, білімді, ғылымды, инновацияны дамыту еліміздің стратегиялық бағыты ретінде айқындалды", – деді Президент.
Мемлекет басшысы бұған дейін Тамыз конференциясында мықты мұғалім сапалы ұлттың тірегі екенін айтып, ұстаздардың бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастырудағы рөліне тоқталған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript