Тоқаев: Біздің стратегиялық мақсатымыз – Қазақстанды Орталық Азияның академиялық хабына айналдыру

Касым-Жомарт Токаев, президент Республики Казахстан, президент РК, глава государства , сурет - Zakon.kz жаңалық 19.11.2026 13:29 Фото: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев III Стратегиялық серіктестер форумында Қазақстанның жоғары білім, ғылым және халықаралық академиялық ынтымақтастық салаларындағы өңірлік орталық ретіндегі орнын нығайтуды көздеп отырғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысының айтуынша, биыл Қазақстанның 18 университеті QS World University Rankings тізіміне енді. Ал 2027 жылғы Times Higher Education рейтингіне еліміздің 10 жоғары оқу орны кірді.

"2026 жылғы Жаһандық инновация индексінде Қазақстан аймақ елдері арасында ең жоғары көрсеткішпен көш бастап, орнықты өсім көрсетіп келеді. Алайда жаһандық бәсекелестік қызған кезеңде бізге арқаны кеңге салуға болмайды", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент Қазақстанның жаһандық білім нарығындағы орнына да тоқталды.

"Біздің стратегиялық мақсатымыз – елімізді Орталық Азиядағы академиялық хабқа айналдыру, жаһандық білім нарығының, әсіресе, өзекті әрі сапалы білім нарығының бір бөлігі болу. Ғылым мен білімде жаттандылыққа, формализмге жол беруге, сайып келгенде, өзіңді алдауға болмайды", – деді Мемлекет басшысы.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: