Таразда үш жылда 420 көшеге асфальт төселді

Сурет: Тараз қаласы әкімдігі баспасөз қызметі
"Жол – экономиканың күретамыры" деген. Расын да, тақтайдай тегіс жол тұрғындардың өмір сапасына әсер ететіні белгілі. Тараздықтардың да жиі қозғайтын бір мәселесі – жолдың жағдайы. Толығырақ Zakon.kz ақпаратында.

Қала әкімдігінің ақпаратынша, соңғы үш жылда облыс орталығында жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүруде. Өйткені, қаланы дамытудың үш жылдық жоспарында аталмыш мәселеге баса назар аударылған.

Расында, шаһардың сәулеті мен ажарын айшықтап тұратын басты бейнелі көрінісі осы жолдың жайы екені жасырын емес. Шаһардың сән-салтанатынан бөлек, қатынастың қолайлылығы мен тұрғындардың қауіпсіздігі және көлік қозғалысының діттеген бағытына уақытында жетуі де жол сапасына тығыз байланысты.

Сурет: Тараз қаласы әкімдігі баспасөз қызметі

Жалпы шаһарда ұзындығы 2 214,5 шақырымды құрайтын 1 715 көше жолдары бар. Соңғы 3 жылда Тараз қаласы бойынша 420 көшеге асфальт төселді. Мұны өте ауқымды жұмыс деп айтуымызға болады.

Осыған орай 2024 жылы 95,3 шақырымды құрайтын 127 көше орташа жөндеуден өтті және "Победа", "Береке", "Юбилейный", "Химик", "Жамбылстрой", "Комунальник", "Лето", "Ветеран" тұрғын алқаптарында ұзындығы 73,8 шақырымды құрайтын 165 көшеге шағал төселді. Сондай-ақ, былтыр шағын аудандардың ішкі жолдарын ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Сурет: Тараз қаласы әкімдігі баспасөз қызметі

Ағымдағы жылы Рысбек батыр, Асқаров көшелерін қайта жаңғырту жұмыстары жоспарланып отыр Сонымен қатар, 96,7 шақырымды құрайтын 113 көше мен жаяу жүргінші жолдары орташа жөндеуден өтеді. Қазіргі таңда мердігерлер анықталып, жұмыстар басталды. Бұдан бөлек, 20 саяжайдағы ұзындығы 34,6 шақырымды құрайтын 100 көшеге шағал төсеуді көздеп отыр.

Сурет: Тараз қаласы әкімдігі баспасөз қызметі

Көптен бері өзекті мәселе болып келген "Бурыл А,Б,В" және "Барысхан" тұрғын алқаптарында да жол жөндеу жұмыстары жүруде. Мәселен, "Бурыл А,Б,В" алқабындағы 75 көшеге асфальт жабындысын төсеу қарастырылған. Бүгінгі таңда 66 көшені асфальттау толық аяқталса, қалған 9 көшедегі жөндеу жұмыстарын жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған.

Сурет: Тараз қаласы әкімдігінің медиа орталығы

Бұған қоса "Барысхан" тұрғын алқабындағы 24 көшеге асфальт жабындысын төсеу қарастырылған. Бүгінге 10 көшенің асфальт жол жабындысы толық төселді. Бұл жұмыстарды 2025 жылы аяқтау жоспарлануда. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 65 пайыздан 72,5 пайызға дейін артатын болады.

Тараз
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты