Қазақстан мен Ресей шекарасында көлік қозғалысына қатысты қиындық туындауы мүмкін

Сурет: Zakon.kz
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) Шекара қызметі Қазақстан-Ресей шекарасының жекелеген учаскелерінде көлік қозғалысына қатысты туындауы ықтимал қиындықтар жайлы ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Қостанай облысының "Желқуар", "Аят", "Обаған", "Ақбалшық" және Солтүстік Қазақстан облысының "Қызыл жар" автокөлік өткізу пункттерінде көліктердің өтуі кезінде қиындықтар туындауы мүмкін екенін хабарлайды.

Мамандар бұл жағдай Ресейдің "Мариинский", "Николаевка", "Звериноголовское", "Воскресенское" және "Казанское" өткізу пункттерінде жөндеу жұмыстарының (2025 жылғы 15 тамыздан бастап) жүргізілуіне байланысты екенін нақтылайды.

Осы мән-жайларды ескеріп, қозғалыс маршрутын алдын ала түзеп алу сұралады.


"Басқа пункттер тұрақты режимде жұмыс істейді, ешқандай шектеулер енгізілмеген".  ҰҚК баспасөз қызметі

Айта кетсек, 2025 жылғы 12 тамызда Қазақстанның Ресейдегі елшілігі Ресей Федерациясында жүрген Қазақстан азаматтарына қатысты маңызды ақпарат таратты.

Қостанай
Петропавл
ҰҚК

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді