Астанада түнде жол қызметкерлерін қағып кетті: бірі оқиға орнында қаза тапты

Фото: Zakon.kz
Астанада түнде екі жол жұмысшысын көлік қағып кетті, біреуі қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 2025 жылғы 18 тамызға қараған түні Škoda автокөлігінің жүргізушісі Қошқарбаев көшесі жағынан "Сарайшық" көпірімен Сарайшық көшесіне қарай қозғалып келе жатып, жүргізіліп жатқан жол жөндеу жұмыстарын ескермей, проездік бөлікте жұмыс істеп жатқан екі жұмысшыны қағып кеткен.

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан жұмысшылардың бірі оқиға орнында көз жұмды, екіншісі ауруханаға жеткізілді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Көлік құралы арнайы коммуналдық тұраққа қойылды", – деп мәлімдеді полиция.

Бұған дейін Ақмола облысында ұшақ апатқа ұшырап, екі адам қаза тапқандығы хабарланған болатын.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан құрамасының алтын медаль саны 32-ге жетті

"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды". Еліміз бойынша 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы