Елордадағы LRT станцияларының атауы бекітілді

Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Астанада бүгін, 2025 жылдың 19 тамызында, жеңіл рельсті көлік (LRT) бағытындағы 18 станцияның атауы бекітілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атаулар елордалық мәслихат депутаттарының кезектен тыс сессиясында қаралды:

  1. "Әуежай" ("Аэропорт");
  2. "Атамекен";
  3. "Есіл" ("Есиль");
  4. "Мәңгілік ел" ("Мангилик Ел");
  5. "Астана жұлдызы" ("Астана жулдызы");
  6. "Нұра" ("Нура");
  7. "Университет";
  8. "Ұлы дала" ("Улы дала");
  9. "Астана Арена";
  10. "Жекпе-жек сарайы" ("Дворец единоборств");
  11. "Сығанақ" ("Сыганак");
  12. "Бәйтерек" ("Байтерек");
  13. "Министрліктер үйі" ("Дом министерств");
  14. "Ұлттық музей" ("Национальный музей");
  15. "Театр";
  16. "Мыңжылдық аллеясы"; ("Аллея Мынжылдык");
  17. "Жібек жолы" ("Жибек жолы");
  18. "Нұрлы жол" ("Нурлы жол").

Астана қаласының Тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркептің айтуынша, ұсынылған атаулар Үкімет жанындағы республикалық ономастика комиссиясының қарауына жіберіледі.

Бұған дейін астаналықтарға LRT құрылысының тағы бір кезеңі аяқталғаны хабарланған болатын.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады