Астаналықтарға LRT құрылысының тағы бір кезеңі аяқталғаны хабарланды
Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
2025 жылғы 18 тамыз күні жалпы ұзындығы 22,4 шақырым болатын LRT негізгі желісінде рельстерді төсеу жұмыстары аяқталғаны белгілі болды. Бұл елорданың стратегиялық көлік жобасы құрылысындағы негізгі кезеңдердің бірі, деп хабарлайды Zakon.kz.
City Transportation Systems ақпаратына сүйенсек, барлығы №101–118 станция аралығында және олардың аралықтарында 89 600 погондық метр рельс төселді. Қазіргі уақытта рельстерді дәнекерлеу жүргізіліп жатыр, одан кейін олардың соңғы бекітуі басталады.
"Құрылыс барысында құрамында темір мөлшері жоғары көміртекті болаттан жасалған рельстер қолданылды. Олар жіксіз төсеу технологиясы тәсілімен алдын ала кернелген шпалдарға заманауи DTVII2-1 бекіту жүйесі арқылы орнатылды. Айтылған технология жылжымалы құрамның қозғалысы кезінде шу мен діріл деңгейін едәуір төмендетуге мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде жолаушылар мен жақын маңдағы аудан тұрғындарына қолайсыз жағдай туғызбау үшін жасалған",- деп мәлімдеді ведомство.
Бұдан әрі төтенше жағдайлар кезінде жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін эвакуациялық платформаларды орнату жұмыстары жүргізіледі.
Бұған дейін Астанадағы LRT жолақысының алдын ала құны белгілі болғандығы хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript