Қарағандылық полицейлер адасып қалған Оңтүстік Кореялық туристке жол сілтеді

Сурет: polisia.kz
Қарағандыда патрульдеу барысында полиция қызметкерлері "Природа" саяжай қоғамы маңындағы орманды алқапта адасып қалған ер адамды байқаған. Ол – Оңтүстік Кореядан келген Хи Джун есімді турист болып шықты. Полицейлер туристке қалай көмектесті, толығырақ Zakon.kz ақпаратында.

ҚР ІІМ таратқан мәліметке сүйенсек, онлайн-аударма арқылы сөйлескенде, саяхатшы өзінің Астанадан велосипедпен шығып, Алматыға бағыт алғанын жеткізді. Жолда бағдарынан жаңылып, Теміртау қаласының ескі қала ауданында адасып қалған.

Тәртіп сақшылары Даулет Сапаров пен Шыңғыс Яхияев қонаққа қол ұшын созып, велосипеді мен заттарын патрульдік көлікке тиеп, оны қаладан шығарып салды. Сондай-ақ туристке ас-ауқат ұсынып, әрі қарайғы бағыт-бағдарын көрсетіп жіберді.

"Біз онымен онлайн-аударма арқылы тілдестік. Ол шынында да Оңтүстік Кореядан келгенін айтты. Тоғыз айдан бері сапарда жүр екен. Астанадан велосипед сатып алып, осында жеткен. Қазір Қарағанды арқылы Алматыға баруды жоспарлап отыр", – деді патрульдік полиция батальонының аға инспекторы Даулет Сапаров.

Бұған дейін Ілияс Храпуновтың Нью-Йорктегі федералдық сотта кінәлі деп танылғанын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді