Елімізде нөсер жауын мен ауа температурасының күрт төмендеуі күтілуде

Фото: pixabay
"Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі Zakon.kz тілшісіне ел аумағында 28–30 тамыз аралығында ауа райының қандай болатындығын айтып берді. Мамандардың болжамынша, күздің салқын самалы елімізге жетіп қалған – нөсер жауын мен ауа температурасы төмендеуі күтілуде.

Метеорологтардың таратқан мәліметіне сүйенсек, күздің басында еліміздің басым бөлігінде батыс антициклонының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Алайда 29 тамызда солтүстік-батыс циклонының ойпатының өтуіне байланысты елдің солтүстік, орталық және шығыс аймақтарында ауа райының тұрақсыз сипаты болжанады.

Ал, 30 тамызда тұрақсыз ауа райы Қазақстанның оңтүстік-шығысын да қамтиды.

"Жаңбыр, найзағай күтіледі, 30 тамызда елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында бұршақ пен екпінді желмен бірге қатты жаңбыр болжанады". "Қазгидромет" РМК

Сондай-ақ, синоптиктер республика бойынша желдің күшеюі, батыста, солтүстікте, солтүстік-батыста түнде және таңертең тұман күтілетіндігін де атап өтті.

Аймақтар бойынша температуралық фон келесідей болады.

Ауаның төмендеуі күтіледі:

"Оңтүстік-шығыста +33…+38°С қатты ыстық сақталады, таулы аймақтарда +23…+28°С болады",- делінген ақпаратта.

Бұған дейін 27 тамызда Қазақстанның жеті өңірінде қатты ыстық болатындығын жазған болатынбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды