Жаздың соңғы үш күні: синоптиктер Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ауа райы қандай болатынын айтты

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
"Қазгидромет" РМК мамандары 2025 жылғы 29, 30 және 31 тамыз күндеріне арналған Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша ауа райы болжамын ұсынды. Болжамға сәйкес, астаналықтарды найзағай мен бұршақ аралас жаңбыр күтіп тұр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана қаласы бойынша ауа райы болжамы:

29 тамыз: ауыспалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл, шаңды дауыл. Солтүстік-батыстан соғатын жел 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +16…+18°С, күндіз +24…+26°С.

30 тамыз: ауыспалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ. Солтүстік-батыстан соғатын жел 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +10…+12°С, күндіз +18…+20°С.

31 тамыз: ауыспалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ және дауыл. Солтүстік-батыстан соғатын жел 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +8…+10°С, күндіз +14…+16°С.

Алматы қаласы бойынша ауа райы болжамы:

29 тамыз: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +17…+19°С, күндіз қатты ыстық +33…+35°С.

30 тамыз: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +18…+20°С, күндіз қатты ыстық +34…+36°С.

31 тамыз: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +15…+17°С, күндіз +24…+26°С.

Шымкент қаласы бойынша ауа райы болжамы:

29 тамыз: аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде +19…+21°С, күндіз +36…+38°С.

30 тамыз: аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын жел 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +19…+21°С, күндіз +34…+36°С.

31 тамыз: аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыс желі солтүстік-шығысқа ауысады, 8-13 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +15…+17°С, күндіз +29…+31°С.

Бұған дейін синоптиктер Астана, Алматы, Жезқазған және Балқаш тұрғындарына үндеу жасаған еді. Олар 2025 жылғы 28 тамызда күндіз және түнде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болатыны туралы ескерткен.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Тоқаев Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясын бекіту туралы жарлыққа қол қойды

10 маусымда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Қытай кинонарығы қазақстандық киноиндустрия үшін үлкен мүмкіндік