Астанада тұрғынды грантқа түсіріп беремін деп сан соқтырған күдікті ұсталды

Фото: Zakon.kz
Астана қаласында полицейлер 33 жастағы қала тұрғынын жоғары оқу орнына грантқа түсіремін деген сылтаумен алаяқтық жасады деген күдікпен ұстады.

Күдікті делдал арқылы және интернет-ресурстарды пайдаланып жәбірленушімен байланысқа шыққан.

Ол өзін ЖОО-ға оқуға қабылдау мәселесін "шешіп бере аламын" деп таныстырып, сенімге кіріп, алдын ала төлем ретінде 130 мың теңге алған.

Ақшаны алған соң байланысқа шықпай қойған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер күдіктінің жеке басын анықтап, оны басқа өңір аумағында қолға түсіріп, Астанаға жеткізді.

Белгілі болғандай, бұл азамат бұған дейін де осындай алаяқтық қылмыстарға қатысы бар екені анықталған.

Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынып, жауапкершілікке тартылды.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Италияда қазақстандық студент қаза тапты

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

Қазақстанда 12 маусымда бірнеше қауіпті ауа райы құбылысы күтіледі

Алматы хайуанаттар бағында арыстанға тас лақтырған әйел жазалануы мүмкін