Мемлекеттік күзет қызметінің тұрғын үй комиссияларының қызметі қағидалары бекітілді

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
2025 жылғы 27 тамыздағы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының бұйрығымен ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің тұрғын үй комиссиялары мен ақпараттық жүйесінің жұмысы қағидалары бекітілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тұрғын үй комиссиялары – ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің және Арнайы мақсаттағы күштердің әскери бөлімінің тұрақты негізде жұмыс істейтін, тұрғын үй мәселелері бойынша шешімдер қабылдауға уәкілетті алқалы органдары.

Тұрғын үй комиссиясының құрамы Мемлекеттік күзет қызметінің уәкілетті лауазымды адамының немесе Арнайы мақсаттағы күштердің әскери бөлімінің бірінші басшысының бұйрығымен бекітіледі.

Тұрғын үй комиссиясының құрамына мыналар кіреді:

– кадр бөлімі басшысы;

– заң бөлімі басшысы;

– өзге бөлімшелердің басшылары;

– тұрғын үй комиссиясының хатшысы.

Тұрғын үй комиссиясының қызметі мына мәселелерді қамтиды:

Тұрғын үй комиссиясы тоқсан сайын кемінде бір рет отырыс өткізеді.

Шешім әрбір өтініш беруші бойынша жеке қабылданады.

Сонымен қатар, ақпараттық жүйенің жұмыс тәртібі де бекітілді.

Аталған бұйрық 2025 жылғы 14 қыркүйектен бастап күшіне енеді.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз