ЖШС тарату кезінде қазақстандықтарға маңызды талап еске салынды

Фото: pexels
Қазақстанда жауапкершілігі шектеулі серіктестікті (ЖШС) тарату барысында бұқаралық ақпарат құралдарында (БАҚ) хабарландыру жариялау қажет. Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында еске салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекеттік корпорация өкілдері хабарландыруды қай газетте жариялау керектігін нақтылады.


"ЖШС-ні тарату туралы хабарландыруды Қазақстан аумағы бойынша таратылатын республикалық маңызы бар баспа басылымында жариялай аласыз. Бұл – заңгерлік бағыттағы газет немесе басқа да баспа басылымы болуы мүмкін. Хабарландыруда таратылатын заңды тұлғаның атауы, БСН-і, талап қою мерзімі мен мекенжайы көрсетілуі тиіс", – делінген "Азаматтарға арналған үкіметтің" 2025 жылғы 4 қыркүйектегі хабарламасында.

Айта кетейік, 2025 жылғы 2 қыркүйектен бастап қазақстандықтар көлік құралдарын сатып алу-сату шартын онлайн ресімдей алады. Тиісті сервис "ХҚКО" мобильді қосымшасында іске қосылғанын да мемлекеттік корпорация хабарлаған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаштың орындауындағы түрікше ән бірнеше елдің чарттарын бағындыруда

"Жақсы жаңалығым бар!". Мемлекеттік білім гранттары иегерлерінің тізімі 7 тамызда жарияланатыны белгілі болды

Сақтандыру қызметіне бірқатар өзгерістер енгізілді

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Екі баланың анасын бұрынғы күйеуі соққыға жығып өлтірген