Маңғыстау облысында ветеринария саласының қызметкерлеріне 53 жаңа автокөлік табысталды

Сурет: Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
5 қыркүйекте Маңғыстау облысында ветеринариялық қызметтің жұмысын жетілдіру, мүмкіндіктерін арттыру, мақсатында жаңа қызметтік автокөліктер салтанатты түрде табысталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен 1 млрд теңге бөлініп, жол талғамайтын 53 көлік, тоңазытқыштар, компьютерлер және оған қажетті құрылғылар сатып алынды.

Бұл шара Мемлекет басшысының ветеринариялық жүйені жаңғырту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында жүзеге асырылып отыр. Сонымен қатар, ветеринария саласының кадрлық әлеуетін нығайтып, ауылдық жерлердегі халықтың ветеринариялық көмекке қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Сурет: Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Облыста соңғы жылдары ветеринария саласын жетілдіруге мемлекет тарапынан үлкен қолдау көрсетіліп келеді. 2022-2025 жылдары ветеринар мамандардың жалақысы екі есеге артты, ал келер жылдан бастап еңбекақыны тағы 150 пайызға көтеру жоспарланып отыр.

Сурет: Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бұдан бөлек, биыл облыс бойынша жаңадан 43 ветеринариялық пункт пен 1 станция салынып жатыр. Сонымен қатар, 2 станция толық жөндеуден өтпек. Жаңа нысандар жыл аяғына дейін аяқталады деп жоспарлануда. 

Сурет: Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Өз сөзінде Нұрдәулет Қилыбай Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес өңірдің ветеринария саласында жүйелі жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті.

"Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында Ветеринария – мемлекеттің биологиялық қауіпсіздік жүйесінің бір бөлігі екенін атап өтті, саланы жетілдіру жөнінде тапсырма берген болатын. Тапсырмаға сәйкес ағымдағы жылдың 2 - тоқсанында Маңғыстау облысының ветеринария басқармасы дербес басқарма ретінде құрылып, біршама жұмыстар атқарылды, техникалық база нығайтылып жатыр. Енді сіздерге табысталып отырған жаңа автокөліктер жұмыс сапасын арттырып, ел игілігі үшін қызмет етуге зор мүмкіндік береді", – деді Нұрдәулет Қилыбай.

Сурет: Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі


Ақтау
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды