ҚР СІМ Қатарда қанша қазақстандық барын хабарлады

Фото: unsplash
10 қыркүйекте Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Қатарда жүрген қазақстандықтарға қатысты жағдайды түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның айтуынша, Израиль армиясының шабуылынан зардап шеккен немесе қаза тапқан қазақстандықтар жоқ.

"Әрине, Қатарда біздің азаматтарымыз бар. Бірақ, құдайға шүкір, қазақстандықтар арасында құрбандар жоқ. Ешкім көмекке жүгінген жоқ", – деді Бақаев.

Ол қазіргі таңда Қатарда жүрген Қазақстан азаматтарының санын атады.

"Қазір Қатарда шамамен 1,5 мыңға жуық азаматымыз бар. Соның ішінде 516 адам консулдық есепте тұр. Біз олармен тұрақты байланыстамыз", – деді вице-министр.

Еске салайық, 9 қыркүйекте Қатар астанасы Дохада жарылыстар болған еді. Израильдің ресми өкілдерінің мәліметінше, соққылар ХАМАС қозғалысының өкілдеріне бағытталған.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды