Кептеліске әкеледі: ІІМ Қазақстанда автокөлік қозғалысы жылдамдығын төмендету туралы

Фото: Zakon.kz
Қазақстан қалаларында автокөліктердің қозғалыс жылдамдығын төмендету мүмкіндігі қарастырылып жатқанын ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Мәжіліс кулуарында айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

ІІМ вице-министрінің пікірінше, жылдамдықты жасанды түрде төмендету жол-көлік оқиғаларының зардаптарын азайтуға көмектеседі. Алайда бұл мәселеде асығыстық болмайды.

"Бұл әзірге талқыланып жатқан нұсқалардың бірі ғана. Біз кейбір елдердің астаналарында осындай тәжірибе бар екенін көрдік. Жылдамдықты жасанды түрде азайту жол-көлік оқиғаларының зардаптарын жеңілдетеді. Бірақ екінші жағынан, Астана мен Алматыда бұл кептелістерге әкелетіні түсінікті. Сондықтан біз асықпаймыз, зерттеп, қарап, әкімдіктермен ақылдасамыз", – деді Игорь Лепеха.

Сонымен қатар, оның айтуынша, қазірдің өзінде жергілікті әкімдіктердің кейбір көшелерде жылдамдықты арттыруға немесе, керісінше, төмендетуге құқығы бар.

Еске салсақ, 2025 жылғы 27 тамызда Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев ел жолдарында автокөлік қозғалысының жылдамдығын төмендету жоспарлары туралы айтқан болатын.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі