Қазақстанда биыл 16,6 мыңнан астам мас жүргізуші ұсталды

Сурет: gov.kz
2025 жылғы 15 қыркүйекте өткен Үкімет отырысында ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Қазақстан жолдарындағы жағдай туралы баяндады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Игорь Лепеханың айтуынша, жол-көлік апаттарына бірнеше фактор әсер етеді. Ең бастысы – көлік жүргізудегі тәртіптің төмендігі.

"Жол апаттарының 90%-ы жүргізушілердің кінәсінен болады. Біз жыл сайын 13 млн жол қозғалысы ережесін бұзу дерегінің жолын кесеміз. Осы жылдың басынан бері 16 600 мас жүргізуші ұсталды", - деді ол.

Полицейлерге дрондар да көмектесіп жатыр: олардың көмегімен бүгінге дейін 3 мыңнан астам құқықбұзушылық анықталған.

Еске салайық, 2025 жылғы 11 қыркүйекте Маңғыстау облысында шағын автобус аударылып, 10 адам қаза тапты. Ал 14 қыркүйекте Жетісу облысында қарсы жолаққа шыққан көліктің кесірінен үш автокөлік соқтығысып, тағы 10 адам опат болды. Қарағанды облысында да қарсы жолаққа шыққан көлік апатынан бес адамның өмірі қиылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды