Жетісу облысында жол апатынан 10 адам қаза тапты

Жетісу облысында жол апатынан 10 адам қаза тапты, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.09.2025 12:20 Сурет: Zakon.kz
14 қыркүйек күні шамамен сағат 01:30-да Алматы – Өскемен тасжолында болған жол апаты 10 адамның өмірін қиды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық полицияның мәліметінше, үш көліктің қатысуымен болған қайғылы жағдай Алматы – Өскемен автожолының 479-шақырымында, Алакөл ауданына қарасты Көлбай ауылының маңында тіркелген.

Алдын ала деректер бойынша, Nissan Cefiro жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, ВАЗ-2114 және Chevrolet Cobalt көліктерімен соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан оқиға орнында 10 адам қаза тапты. Тағы бір жолаушы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

"Қаза болғандардың туған-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз. Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін, жылдамдық режимін және жолаушы тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Ереженің болмашы бұзылуының өзі орны толмас қайғыға әкелуі мүмкін", - делінген облыстық полиция департаментінің хабарламасында.

Айта кетейік, Алматы облысында бұған дейін, 2025 жылғы 11 қыркүйекте, мектеп оқушыларын алып бара жатқан автобус жеңіл көлікпен соқтығысып, екі адам қаза тапқан еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: