Алматы іргесінде болған жол апатынан жеті адам қаза тапты: көлікте қазақстандық спортшылар отырған
Сурет: Zakon.kz
Туризм және спорт министрлігі Алматы – Бішкек тасжолында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан қаза болған отандық спортшылардың отбасына қайғыра көңіл айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомствоның мәліметінше, спортшылар Қырғыз Республикасындағы жарыстан елге қайтып келе жатқанда жол апатына ұшырап, бесеуі көз жұмды.
"Бұл – спорт қауымдастығы үшін орны толмас ауыр қайғы. Марқұм болған спортшылардың отбасыларына, туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтаса отырып, көңіл айтамыз. Жандары жәннатта, жатқан жерлері жайлы болсын", - делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Алматы – Бішкек автожолының 129-шақырымында болған жантүршігерлік жол апаты салдарынан жеті адам қаза тапқанын хабарлаған едік.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript