Алматы – Бішкек тас жолында болған жантүршігерлік жол апатынан сегіз адам қаза тапты
Фото: unsplash
Алматы облысында орын алған жол-көлік оқиғасы салдарынан сегіз адам көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Апаттың ауыр зардаптарын көрсететін қорқынышты кадрлар 30 қыркүйекте әлеуметтік желілерде жарияланды. Бейнежазба сипаттамасында жол апаты 29 қыркүйекте болғаны жазылған. Видеода адам танымастай болып қираған көліктердің бөліктері жол бойына түгелдей шашылған, ал жанында қаза тапқандардың денелері жатыр.
Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, жол апаты Алматы – Бішкек автожолының 107-шақырымында болған.
"Жол-көлік оқиғасы бойынша полиция қызметкерлері сотқа дейінгі тергеуді бастады. Алдын ала мәлімет бойынша, Lexus автокөлігі қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, Toyota Alphard көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан оқиға орнында сегіз адам алған жарақаттарынан көз жұмды, тағы екеуі ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", – делінген ақпаратта.
Полиция жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, жолда барынша мұқият болуды сұрайды.
Бұған дейін Атырауда полицейлер жол ережесін өрескел бұзған жүргізушілерді анықтағанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript