Атырауда полицейлер жол ережесін өрескел бұзған жүргізушілерді анықтады
Фото: Zakon.kz
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жол сақшылары тәулік бойы қызмет атқарып, үнемі түсіндірме жұмыстарын жүргізіп келеді.
15-30 қыркүйек аралығында өткізіліп жатқан республикалық "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде патрульдік полицейлер мас күйінде көлік жүргізу, жүргізуші куәлігінсіз рөлге отыру, рұқсат етілмеген жерде маневр жасау секілді өрескел құқықбұзушылықтарды анықтап, тиісті шараларды қабылдауда.
Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 596 және 612-бабына сәйкес хаттама толтырылып, жүргізушілерге көлік құралын қарсы бағытта басқарудың қауіптілігі және жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Құрметті жүргізушілер! Әрбір жол қозғалысына қатысушы – өз өмірі мен өзгенің өміріне жауапты. Жылдамдықты шамадан тыс асырмаңыздар, қауіпсіздік белдігін тағып жүріңіздер, жол ережелерін қатаң сақтаңыздар.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript