Қарағанды облысында полицейлер заңсыз жолаушылар тасымалына тосқауыл қойды
Сурет: polisia.kz
Қарағанды облысында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және заңсыз жолаушылар тасымалының алдын алу мақсатында “Тасымалдаушы” жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда, деп хабарлайды Zakon.kz.
Іс-шара барысында патрульдік полиция қызметкерлері Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті автожолында Toyota Estima көлігін тоқтатты. Тексеру кезінде жүргізушінің жүргізуші куәлігінен айырылғанына қарамастан, қалааралық бағытта жолаушылар тасымалдап жүргені анықталды.
Ұқсас дерек Астана – Қарағанды – Алматы тасжолында тіркелді. Полицейлер жүргізуші куәлігінен айырылған Toyota Alphard автокөлігінің жүргізушісін ұстады.
Сонымен қатар облыс жолдарының бірінде Mercedes Sprinter көлігінің жүргізушісі отырғыш орындарын ұйықтайтын орындарға қайта жабдықтағаны үшін жауапкершілікке тартылды.
Көліктер айып тұрағына қойылды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript