Қазақстанда азық-түлік өндірісі артты – Ауыл шаруашылығы министрлігі

Фото: Zakon.kz
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров 2025 жылғы 23 қыркүйекте елді ішкі нарықтағы азық-түлікпен қамтамасыз ету жайлы баяндады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, Қазақстан негізгі азық-түлік тауарлары бойынша өзін толық қамтамасыз етіп отыр.

"Осы жылдың сегіз айында азық-түлік өнімдерінің өндірісі 10,1%-ға өсіп, 2,5 трлн теңгені құрады. Биылғы астық толықтай ішкі нарықтағы азық-түлікке деген сұранысты жабуға жеткілікті болады. Бидай егіс алқабы шамамен 1 млн гектарға қысқарғанына қарамастан, өнімділіктің артуы есебінен жалпы түсім өткен жылғы деңгейде сақталмақ (орташа өнімділік – гектарына 14,6 центнер, 2024 жылы – 14,3 центнер)", – деді Сапаров.

Сонымен қатар, күріштің жалпы түсімі өткен жылғы деңгейде немесе 500 мың тоннадан асады деп болжануда. Бұл ішкі нарықты толық қамтамасыз етіп қана қоймай, экспорттық әлеуетті де сақтауға мүмкіндік береді.


"Қарақұмық өндірісі шамамен 90 мың тоннаға жетеді. Бұл халықтың сұранысынан артық. Бұған өнімділіктің артуы әсер етті (биыл – гектарына 13,3 центнер, 2024 жылы – 12,3 центнер). Жалпы алғанда, дәнді дақылдар өндірісі ішкі қажеттіліктен алты есе жоғары, бұл қайта өңделген өнімдермен нарықты толық қамтамасыз етеді", – деп атап өтті министр.

Министрдің айтуынша, майлы дақылдардың да жоғары өнімі күтілуде – шамамен 4 млн тонна. Оның ішінде күнбағыс – 2 млн тоннадай, бұл май-тоң май өнімдері нарығын толық қанықтырады.

Картоп бойынша болжамды түсім – 2,7 млн тонна, оның 1,8 млн тоннадан астамы жиналды. Даладағы бағасы 90–120 теңге/кг. Қазірдің өзінде 500 мың тонна тауарлық картоп қоры жасақталды.

Пияздан 700 мың тоннадан астамы жиналды, ол 50–60 теңге/кг бағасымен сатылады. Фермерлердің қосымша 300 мың тонна қоры бар. Ал сәбізден 300 мың тонна өндіріліп, шамамен 100 мың тоннасы фермерлердің қоймасында сақтаулы. Оның бағасы – 85–95 теңге/кг.

Сондай-ақ бүгін Қазақстанда майлы дақылдардың рекордтық өнімін жинау күтілетіні хабарланды.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты