ҚҚС өсімінен дағдарыс болмайды – ҰЭМ уәдесі

Фото: pexels
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Амрин 2025 жылғы 25 қыркүйекте Сенаттағы брифингте ҚҚС мөлшерлемесінің өсуіне байланысты бағаның қымбаттау ықтималдығын түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, бағаны негізінен ҚҚС төлеуші саналатын бизнес өкілдері көтереді.

"ҚҚС төлеушілер тарапынан бағаның таза өсімі 2–2,5% деңгейінде болады деп күтілуде. ҚҚС мөлшерлемесінің артуынан дағдарыс болмайды", – деп сендірді Амрин.

Сонымен қатар ол дағдарыстың түрлі себептері болуы мүмкін екенін атап өтті.

"Мысалы, ертең, Құдай сақтасын, пандемия болуы мүмкін. Сондықтан ҚҚС мөлшерлемесінің өсуін дағдарыспен тікелей байланыстыру дұрыс емес", – деді вице-министр.

Бұған дейін Амрин салық реформасының салдарына қатысты журналистердің сұрақтарына жауап берген болатын.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды