26–28 қыркүйекке синоптиктердің болжамы: оңтүстікте күн ашық, елорда мен Алматыда жаңбыр

Фото: unsplash
"Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына сәйкес, 2025 жылғы 27–28 қыркүйекте Алматы мен Астанада жаңбырлы күндер күтіледі. Ал Шымкентте әзірге қолшатырдың қажеті жоқ – мұнда ауа райы жылы әрі жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана бойынша болжам

26 қыркүйек: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз жел екпіні 7–12 м/с дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +11…+13°C, күндіз +26…+28°C.

27 қыркүйек: ауыспалы бұлтты, күндіз жаңбыр, найзағай. Желдің жылдамдығы 15–18 м/с. Температура түнде +9…+11°C, күндіз +22…+24°C.

28 қыркүйек: ауыспалы бұлтты, кей жерлерде жаңбыр, найзағай. Жел екпіні 18 м/с дейін жетеді. Температура түнде +8…+10°C, күндіз +13…+15°C.

Алматы бойынша болжам

26 қыркүйек: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің екпіні 8 м/с дейін. Ауа температурасы түнде +9…+11°C, күндіз +23…+25°C.

27–28 қыркүйек: ауыспалы бұлтты, өткінші жаңбыр, найзағай. Жел әлсіз болады. Температура түнде +11…+13°C, күндіз +26…+28°C.

Шымкент бойынша болжам

26 қыркүйек: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз жел екпіні 15–20 м/с дейін көтеріледі. Температура түнде +13…+15°C, күндіз +27…+29°C.

27–28 қыркүйек: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы – 13 м/с. Температура түнде +13…+15°C, күндіз +27…+29°C.

Айта кетейік, бұған дейін синоптиктер 25–27 қыркүйек аралығында бүкіл Қазақстан бойынша ауа райы болжамын жариялаған болатын. Мамандардың айтуынша, қазір ел жазғы аптап пен күзгі салқын арасындағы кезеңде тұр. Ел бойынша ауа температурасы +30°C-тан –2°C-қа дейін құбылады.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Ақмолалық тұрғын Грузиядан Toyota Highlander сатып алмақ болып, миллиондаған теңгесінен айырылды

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

Қазақстанда кредит қайта кешіріле ме