Президенттің кеңесшісі де қызметінен кетті

Сурет: akorda.kz
Ернар Баспаев Президенттің кеңесшісі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"Мемлекет басшысының өкімімен Ернар Жеңісұлы Баспаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.

Ернар Баспаев1979 жылы туған. Қазақ мемлекеттік заң академиясын, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін, Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын бітірген. Мамандығы бойынша заңгер, экономика және бизнес бакалавры, іскерлік әкімшілендіру магистрі.

Еңбек жолын 2001 жылы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде Авторлық құқықтар жөніндегі комитеттің жетекші маманы болып бастаған.

2002-2006 жылдары Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитетінің халықты тіркеу жұмыстарын ұйымдастыру басқармасының бас маманы, басқарма бастығының орынбасары;

2006-2010 жылдары Жоғарғы Сот жанындағы Сот әкімшілігі комитетінің басқарма бастығы, Жоғарғы Сот аппаратының сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісінің орынбасары;

2010 жылы Атырау облысы бойынша Әділет департаментінің жетекшісі;

2013-2019 жылдары Атырау облысы әкімі аппаратының басшысы;

2019-2022 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы;

2022 жылғы 13 сәуір – 2022 жылғы 9 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі;

2022 жылғы 9 желтоқсан – 2023 жылғы 1 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып қызмет атқарды.

2023 жылғы 2 қыркүйек күні Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды.

"Құрмет" (2018), "Парасат" (2024) ордендерімен, ҚР Президентінің Алғысымен (2021, 2022), "Қазақстан полициясына 20 жыл" (2014), "Әділет органдары жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін" (2013), "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне 20 жыл" (2011) ведомстволық және 3 мерекелік медальдармен марапатталған.

Еске салайық, мұның алдында Қанат Шарлапаев пен Тамара Дүйсенова қызметінен босатылған еді.

Молния

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты