Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі жаңа логотипін таныстырды

Фото: pixabay
25 қыркүйекте Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі жаңа логотипін таныстырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Логотип Қазақстанның жоғары технологиялық әрі тұрақты цифрлық экожүйесін құруға бағытталған стратегиялық бағытын бейнелейді.

Шеңбер – ұлттық мәдениет пен бірліктің негізі саналатын шаңырақты, сондай-ақ әлемдік масштаб пен планетаны білдіреді. Осылайша Қазақстанның әлемге ашықтығын айқындайды.

Шеңбер ішіндегі шаршы – ұлттық AI-инфрақұрылымының өзегін құрайтын микрочип пен суперкомпьютерлік жүйелерді білдіреді.

Тор – цифрлық матрицаны еске салады. Мұндағы әрбір ұяшық жалпы қозғалыстың: мемлекет, бизнес, ғылым мен қоғамның элементі.

Логотип түстері – дәстүр сабақтастығы мен болашаққа ұмтылысты бейнелейді.

Сурет: Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

Жаңа белгі жоғары технологиялар мен ұлттық құндылықтардың символикасын біріктіре отырып, Министрліктің (ЖИ және цифрландыруды тұрақты даму мен ортақ өркендеудің қозғаушы күші ету) миссиясын айқын көрсетеді.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды