АЭС-ке қандай атаулар ұсынылды – алғашқы талдау нәтижесі

Фото: pexels
Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев 2025 жылғы 1 қазанда елімізде өтіп жатқан байқау аясында азаматтар АЭС-ке қандай атаулар ұсынып жатқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Сәтқалиевтің сөзінше, бүгінге дейін 20 мыңнан астам өтінім түскен.

"Бұл конкурсқа отандастарымыздың ерекше қызығушылық танытқаны байқалады. Біз алдын ала талдау жүргіздік. Жалпы ұсыныстарды шартты түрде үш негізгі блокқа бөлуге болады. Бірінші блок – географиялық атауларға негізделген. Мысалы: Балқаш, Іле, Үлкен, Мойынқұм, "Мойынқұм АЭС". Екінші үлкен блок – Қазақстанның тарихи, саяси немесе ғылыми қайраткерлерінің есімдерін беру. Мәселен, академик Шапық Шөкіұлы Шөкин, Батуров, Абай, Қаныш Сәтбаев сияқты атаулар ұсынылған," – деді ол.

Оның айтуынша, үшінші блок – техникалық, инженерлік және энергетикалық бағытты бейнелейтін атаулар. Бұл – "жарық", "қуат", "бейбіт", "атом", "энергия", "энерго" сияқты негізгі сөздер қолданылатын нұсқалар.

"Қазіргі таңда біз әлі де ұсыныстар қабылдап жатырмыз. Талдаумен этнографтар, тарихшылар, уран саласының өкілдері, блогерлер мен қоғам белсенділері кіретін комиссия айналысуда. Толық тізім жиналған соң қорытынды талқылау өтеді," – деп толықтырды Сатқалиев.

Бұған дейін Қазақстандағы алғашқы АЭС-ке атау беру конкурсының нәтижесі қашан жарияланатыны хабарланған еді.

Қазақстан
Сәтқалиев Алмасадам

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды