Мыңдаған науқас кезекте: Қазақстанда донор тапшылығы ушығып барады

Фото: Zakon.kz
ҚР ДСМ Трансплантация және жоғары технологиялық қызметтерді үйлестіру жөніндегі республикалық орталығының директоры м.а Назгүл Жәнгелдина 2025 жылдың 8 қазанында ОҚК өткен брифингте елімізде ағза ауыстыруды күтіп отырған 4 384 науқас бар екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта ағза ауыстыруды қажет ететіндер тізімінде 4384 пациент бар, оның ішінде 120 бала.

"Бұл – жыл басынан бергі деректер. Әдетте бұл көрсеткіш өзгеріп отырады: жыл сайын 200–300 адам ағза жетіспеушілігі немесе қатар жүретін аурулар салдарынан қайтыс болып, тізімнен шығарылады. Өкінішке қарай, көпшілігі өз кезегін күтпей өмірден өтеді. Биыл қайтыс болған донорлардан 42, ал тірі донорлардан 100-ден астам трансплантация жасалды", – деді Назгүл Жангелдина.

Оның мәліметінше, посмертті донорлыққа келісім бергендер саны – 134 мың адам, бұл жалпы халықтың шамамен 3%-ын ғана құрайды.

"Донор болуға келісім 18 жастан 65 жасқа дейінгі азаматтар арасында тіркеледі. Бұл санатта шамамен 10 миллион адам бар, яғни әлі де көпшілік өз шешімін қабылдамаған. 2024 жылы 86 адам әлеуетті донор ретінде қаралды, олардың ішінде тек алтауы ғана келісім берген. Биыл мұндай адамдар саны 131 болды, бірақ тек 10-ы ғана рұқсат берді", – деді ол.

Сонымен қатар, Жангелдинаның айтуынша, соңғы үш жылда eGov порталы арқылы донор болуға қатысты өтініш саны едәуір артқан.

"2023 жылы 33 мың адам өз еркін білдірсе, қазір олардың саны 134 мыңға жетті. Соның ішінде шамамен 10 мыңы келісім берді. Келісімдердің саны үш есе артса, бас тартқандар да төрт есеге көбейді", – деп толықтырды ол.

Айта кетейік, 2025 жылғы 27 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысындағы қайтыс болған донордың арқасында төрт адамның өмірі аман қалғаны хабарланған еді.

Қазақстан
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты