Дмитрий Доценконың айтуынша, ол командасымен бірге Шоқпақ орнитологиялық стансасына, Қызылкөл көліне, Мойынқұм шөліне және Келіншектау тауларына барған.
"Бес күн ішінде құстардың тамаша суреттерін көптеп түсіре алдық – олардың арасында сирек кездесетін, Қызыл кітапқа енген түрлер де бар. Әсіресе аспанда ұшып бара жатқан бірқазандар ерекше есте қалды – ондайды алғаш рет көрдім", – дейді фотограф.
Сондай-ақ, оның айтуынша, Қызыл кітапқа енген ақбас күйкентайлар мен қара құзғындар тым алыста болса да, оларды да суретке түсіру мүмкін болған.
"Бұл сапарымда мен түрлі қанатты кейіпкерлермен жолықтым: олжасын қапысыз алатын асқан дәлдік иесі – қырағы қыранды, әртүрлі түркістан кұлыларын, ұшып бара жатқан сұрқұтанды көрдім. Сонымен бірге кербез әрі айбатты сұңқылдақ аққуларды да кездестірдім – біреуі тіпті жақын келуге мүмкіндік беріп, тамаша портрет түсіруге жағдай жасады", – дейді Доценко.
Сурет: Instagram/dots_foto
Фотографтың айтуынша, жалпы Қазақстанда 500-ден астам құс түрі мекендейді.
Дәстүр бойынша жарияланған фото топтамадан кейін маманның еңбегіне көптеген пікірлер жазылды. Желі қолданушылары үйден шықпай-ақ табиғаттың сұлулығын көруге мүмкіндік бергені үшін алғыстарын білдірді.
Бұған дейін Ұлытау облысында мал ұрлығы азайғанын жазған болатынбыз.