Қарағандылық жасөспірім SIM-карталарды заңсыз активациялағаны үшін ұсталды

Сурет: polisia.kz
Қарағандылық жасөспірім SIM-карталарды заңсыз активациялағаны үшін ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тергеу деректеріне сәйкес, өткен айдың ортасында жасөспірім әлеуметтік желілердің біріндегі топқа тіркеліп, сол жерде топ модераторынан WhatsApp аккаунттарын сату және SIM-карталарды активауиялау туралы ұсыныс алған.

Жеңіл табыс табамын деген оймен ол ұсынысқа келіскен. Бір айға жетпейтін уақыт ішінде өз ұялы телефоны арқылы оннан астам аккаунтты активациялап, заңсыз әрекет жасаған.

"Қазіргі уақытта бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, барлық қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Киберполиция қызметкерлері аккаунттар мен SIM-карталардың қандай мақсатта пайдаланылғанын анықтап, қылмыстық әрекетті ұйымдастырған және оған қатысы бар тұлғаларды іздестіріп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда ветеринар мамандарға қосымша төлемдер мен үстемақылар енгізу ұсынылды

"Надан күйде өмірден өтуге болмайды": 87 жастағы зейнеткер университетке оқуға түсті

Қоқыс полигондарының 80%-ы санитарлық талаптарға сай емес – сарапшылар дабыл қағуда

Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енді: өзгерістер хронологиясы

Павлодарда балық аулау дүкені өртеніп, 16 адам эвакуацияланды