Бұл туралы РИА Новости агенттігі Дүниежүзілік нан күніне арналған зерттеуге сілтеме жасай отырып, мәлімдеді.
Ас атасы ең қымбат сатылатын елдердің қатарына Бермуд аралдары (4 522 теңге), Кайман аралдары (3 334 теңге), Монако (2 817 теңге) және Багам аралдары (2 762 теңге) кіреді.
Топ-10 құрамына Конго, Орталық Африка Республикасы, Исландия, Лихтенштейн және Оңтүстік Африка кірді.
Бұл ретте нан бағасы ең төмен елдер тізімінде Тунис (102 теңге), Эсватини (108 теңге), Ауғанстан (129 теңге) және Ливия (150 теңге), сондай-ақ Чад мемлекеті енді.
2025 жылғы 16 қазандағы жағдай бойынша Қазақстандағы нанның бағасы 231 теңгеге тең – бұл, өнім бағасы арзан елдердің қатарында алтыншы орын.
- Қазақстанға қарағанда арзанырақ нанды Қырғызстанда (228 теңге) сатып алуға болады;
- Өзбекстанда (210 теңге);
- Әзірбайжанда бір бөлке нан орташа есеппен 240 теңге тұрады – 7 орын;
- Беларусь рейтингте 17 орын (303 теңге);
- Тәжікстан – 18 орын (305 теңге);
- Грузия – 20 орын (311 теңге);
- Молдова-21 орын (313 теңге);
- Украина – 27 орын (376 теңге);
- Ресей – 28 орын (386 теңге);
- Армения – 33 орын (бір бөлке нан үшін 417 теңге).
Бұған дейін Қазақстан құс жұмыртқасын әкелуге салынған тыйымды ұзартпақ екенін жазған болатынбыз.