Астанада 29 алаяқтыққа қатысы бар күдікті ұсталды

Сурет: pexels
Астананың Алматы аудандық криминалдық полиция қызметкерлері фаст-фуд желілерінің бірінде болған алаяқтық дерегі бойынша 29 жастағы күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тергеу барысында анықталғандай, ер адам тамақтану орнына келіп, өзін тұрақты клиент ретінде таныстырған. Ол касса менеджерінен 80 мың теңге көлеміндегі ұсақ ақшаны ірі купюраларға айырбастауды сұраған.

Қызметкердің сеніміне кірген күдікті ақшаның бір бөлігін айырбастап алғаннан кейін, қалған соманы қайтармай, оқиға орнынан бой тасалаған.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер күдіктіні қолға түсірді. Ол өз кінәсін толық мойындады. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

"Маңыздысы – тергеу барысында оның осындай сипаттағы тағы 29 алаяқтық қылмысқа қатысы бары анықталды. Бұл фактілер бойынша да тексеру жұмыстары жалғасып жатыр", - деп хабарлады полиция.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы