Жыл соңына дейін Қазақстаннан сиыр етін шығаруға шектеу қойылмақ

Фото: Zakon.kz
Ауыл шаруашылығы министрлігі "Қазақстан Республикасының аумағынан ірі қара мал етін (сиыр етін) әкетудің кейбір мәселелері туралы" бұйрық жобасын әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жобаға сәйкес, 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін Қазақстан аумағынан үшінші елдерге және Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне ірі қара мал етін (сиыр етін) әкетуге сандық шектеулер (квоталар) енгізу көзделіп отыр.

Құжат 2025 жылғы 29 тамызда өткен сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия шешімі негізінде дайындалған.

Министрліктің мәліметінше, бұл шектеулер елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мал шаруашылығы өнімдерін өңдеуді дамыту және сиыр еті бағасының тұрақтылығын сақтау мақсатында енгізіледі.

Жоба 22 қазанға дейін қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында орналастырылған.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Дүниежүзі бойынша халық саны көп 10 ел

Алматы маңындағы көрікті жерлер