Алматыда өз банк деректерін өзгеге пайдалануға берген дроппер ұсталды

Фото: Zakon.kz
Алматы қаласында жергілікті тұрғын жаңа енгізілген ҚР Қылмыстық кодексінің 232-1-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Аталған бап өз банк немесе тіркеу деректерін құқыққа қарсы мақсаттарда пайдалануға беруге тыйым салады. Еске сала кетейік, "дропперлер" деп аталатын тұлғаларға қатысты қылмыстық жауапкершілік 2025 жылғы 16 қыркүйектен бастап енгізілген.

Жаңа норма алаяқтардың ұрланған ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыруына немесе басқа шоттарға аударуына мүмкіндік беретін қаржылық делдалдардың әрекетіне тосқауыл қоюды көздейді.

Тергеу барысында жеке кәсіпкер өз тіркеу деректері мен QR-кодын белгісіз адамдарға бергені анықталды. Осы деректер арқылы алаяқтық белгілері бар күмәнді ақша аударымдары жүзеге асырылған. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде әйел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Бұл – заңсыз қаржылық операциялар үшін банктік деректерін пайдалануға берген жеке адамның қылмыстық жауапкершілікке тартылып, қамауға алынған еліміздегі алғашқы оқиға. Жаңа норма бұған дейін жауапкершіліктен тыс қалып келген қаржылық алаяқтық тізбегін тиімді түрде тоқтатуға мүмкіндік береді. Полиция осындай құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстарды қатаң түрде жалғастырады, – деді Алатау аудандық полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Тимур Мулинов.

Алматы қалалық полиция департаменті азаматтарға өздерінің банк және тіркеу деректерін бөгде адамдарға бермеуді ескертеді. Мұндай әрекет, шот иесі пайда таппаған жағдайдың өзінде, қылмысқа қатыстылық ретінде қарастырылуы мүмкін.

Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды