Президент бес жылда білім беру саласына бөлінетін қаржы үш есе артқанын мәлімдеді

Фото: Zakon.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттарына тоқталды.

Президенттің айтуынша, Қазақстан Конституция бойынша әлеуметтік мемлекет болғандықтан, халықтың әл-ауқатын арттыру басты міндет болып қала береді.

"Әлеуметтік стратегиямыз тиімді әрі әділетті болуы тиіс. Осы мақсатта "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Бұл – өскелең ұрпақ үшін жасалған маңызды қадам", – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінше, соңғы бес жылда білім беру саласына бөлінетін қаржы көлемі үш есеге артқан. Сонымен қатар ұстаздардың жалақысы екі есе көбейген. "Бүгінде қоғамда мұғалім мәртебесі айтарлықтай көтерілді. Ел бойынша 1200 жаңа мектеп ашылды. Оның ішінде "Келешек мектептері" ұлттық жобасы аясында көптеген жаңа білім ордалары бой көтерді", – деді Мемлекет басшысы.

Президент ұлттық ғылымды дамытуға да ерекше назар аударылатынын атап өтті. Соңғы бес жылда бұл салаға бөлінген қаражат бес есе өскен. Сондай-ақ шетелдің 33 жетекші жоғары оқу орнының филиалдары ашылған.

Қасым-Жомарт Тоқаев денсаулық сақтау саласындағы жетістіктерге де тоқталды. 2020 жылдан бері медицинаға бөлінетін қаржы үш есеге артқан. Осы уақыт аралығында 927 жаңа медициналық нысан пайдалануға берілді. "Еліміздегі орташа өмір сүру ұзақтығы 75 жастан асты. Бұл – қабылданған реформалардың нақты нәтижесі", – деді Президент.
Қазақстан
Астана
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты