Сәтқалиев еліміздегі алғашқы АЭС-ке атау беру кезіндегі негізгі критерийлерді атады

Фото: Zakon.kz
2025 жылдың 28 қазанында Акордада өткен іс-шараның мінберінде Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сатқалиев елдегі алғашқы атом электр станциясына (АЭС) атау беру кезінде қандай факторлар ескерілетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алмасадам Сәтқалиевтің айтуынша, АЭС атауын анықтау бойынша конкурс соңғы кезеңде. Ол қазақстандықтардан 28 мыңнан астам ұсыныс түскенін атап өтті.

"Халық тарапынан үлкен қызығушылық байқалды. Қазір "ҰАҚ" АҚ-пен бірлесіп, түскен өтінімдердің мазмұны мен құрылымын зерделеу бойынша терең талдау жұмысы жүргізіліп жатыр. Бізге өтінімдер бойынша аймақтық орналасу, қатысушылардың жасы және жыныстық арақатынасы сияқты мәліметтерді талдау маңызды. Осы жұмыстан кейін конкурс комиссиясының қорытынды отырысы өткізіліп, Балқашта салынатын станцияның түпкілікті атауы сол отырыста бекітіледі", – деді ол.

Агенттік басшысының айтуынша, түскен ұсыныстар арасында Қазақстан тарихына, елдің географиясына, тарихи тұлғаларға, технологиялық және заманауи ұғымдарға қатысты атаулар бар.

"Бұған дейін мен айтып өткендей, комиссия атауды таңдауға арналған бірқатар критерийлерді бекітті. Солардың бірі – атаудың көпшілік арасында қолдау табуы (жаппай танымал болуы). Бұдан бөлек, атау атом энергетикасы саласының имиджіне сай, қазақстандық халық үшін мәдени және тарихи құндылықты бейнелеуі қажет. Сонымен қатар, атау жұмсақ, қысқа, әрі қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде бірдей әдемі естілуі тиіс. Осы барлық факторлар кешенді түрде ескеріледі", – деп түйіндеді Алмасадам Сәтқалиев.

Бұған дейін Энергетика министрлігі Курчатов қаласындағы ЖЭС құрылысы үшін тендер жарияламақ екенін жазған болатынбыз

Қазақстан
Сәтқалиев Алмасадам

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты