Елорда әкімі LRT желісін Қосшы бағытында кеңейтуді жоспарлап отырғанын растады

Фото: Zakon.kz
Астана әкімі Жеңіс Қасымбек 2025 жылғы 29 қазанда халықпен кездесуде аспалы метроны (LRT) кеңейту жоспарлары туралы айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жеңіс Қасымбек қалада жеңіл рельсті көлік жобасы (ЛРТ) жалғасатынын атап өтті.

"Келесі кезең – Косшыға бағытталатын болады. Өздеріңіз білесіздер, Қосшыдан күнделікті қаланың ішіне 15-20 мың автокөлік кіреді. Бұл үлкен көлем. Қосшы – нағыз қала серігі, сондықтан қалаға қарай қозғалыс белсенді. Сондықтан біз келесі кезеңде желіні Қосшы бағытына саламыз", – деді әкім.

Оның айтуынша, басқа бағыт Тұранға дейінгі маршрут бойынша өтеді де, Тұран арқылы қаланың ескі теміржол вокзалына дейінгі екінші бөлікке жалғасады.

"Қосшыға бағыт бастапқыда келер жылдың басында, ары кетсе бір жарым жыл ішінде жүзеге асырылуы күтілуде. Құрылысқа қаражатты мүмкін консорциуммен бірге несиелік қаражат түрінде іздейміз. Біз адамдарға қоғамдық көлікті ыңғайлы қолдануға жағдай жасауға тырысамыз", – деп атап өтті Астана әкімі.

Бұған дейін Жеңіс Қасымбек Астанадағы кептеліс мәселесі қашан шешілетінін айтқан еді.

Қазақстан
Астана
Қасымбек Жеңіс

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Парламенттік реформа бойынша референдум қашан өтетіні белгілі болды

Бүгін "Қадір түні": Оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Қазақстанда спорттың жоғары жетістіктерін қаржыландыру тәртібі бекітілді

Қазақстан экономикасы үшін маңызды белгі: инфляция төмендей бастады