Қазақстан халқының нақты саны аталды

Сурет: Zakon.kz
Бүгін, 2025 жылғы 3 қарашада Ұлттық статистика бюросы Қазақстан халқының санына қатысты жаңа деректер ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 20 445 231 адамды құрады.


Биылғы жылдың басынан бері халықтың жалпы өсімі 161 832 адамды құрады, оның ішінде табиғи өсім есебінен 151 632 адамға, көші-қон есебінен 10 200 адамға артты.

Бюроның мәліметінше, Қазақстанның жеті өңірінде халық көп тұрады:

  1. Алматы - 2 337 023 адам.
  2. Түркістан облысы - 2 148 207 адам.
  3. Астана - 1 612 512 адам.
  4. Алматы облысы - 1 586 875 адам.
  5. Шымкент - 1 286 087 адам.
  6. Жамбыл облысы - 1 216 849 адам.
  7. Қарағанды облысы - 1 131 818 адам.

Бұған дейін мамандар Қазақстанда өлім-жітім көрсеткіші ең жоғары үш облысты атаған болатын.  

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

Жасанды бал сатқандарға 20 тамыздан бастап қомақты айыппұл салынады

Отбасы шешімі өзгеге өмір сыйлады: Маңғыстау облысында науқасқа жүрек трансплантациясы жасалды

Президент Құрылтайдың бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды