Тоқаев мемлекеттік басқаруды реформалау мәселелері жөніндегі комиссияның құрамын бекітті
Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Ақорданың баспасөз қызметінің мәліметінше, комиссия мемлекеттік басқару жүйесін реформалаудың бағыттары мен тәсілдерін айқындау үшін құрылды. Сондай-ақ комиссия Қазақстанда мемлекеттік басқаруды реформалаудың кешенді жоспарын әзірлеуге арналған жүйелі ұсыныстарды қарайды.
Комиссияның жұмыс органы – Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі.
Комиссия құрамына мемлекеттік органдардың басшылары, Құрылтай депутаттары және Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері кірді.
Отырыстарға мүдделі орталық мемлекеттік органдардың және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ басқа да ұйымдардың өкілдері қатыстырылуы мүмкін.
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқаруды реформалау мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы:
- Скляр Роман Васильевич – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы, төраға
- Ерғалиев Әсет Арманұлы – Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы, төрағаның орынбасары
- Смайылов Әлихан Асханұлы – Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының Төрағасы
- Қойшыбаев Ғалымжан Тельманұлы – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының Басшысы
- Жұманғарин Серік Мақашұлы – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі
- Мәдиев Жаслан Хасенұлы – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі
- Жиенбаев Ержан Нұрланұлы – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары
- Есекеев Қуанышбек Бақытбекұлы – Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі
- Жазықбай Дархан Медеғалиұлы – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы
- Сәрсембаев Ерлан Жақсылықұлы – Қазақстан Республикасының Әділет министрі
- Қасымбек Жеңіс Махмұдұлы – Астана қаласының әкімі
- Ахметжанов Марат Мұратұлы – Ақмола облысының әкімі
- Сатыбалды Дархан Амангелдіұлы – Алматы қаласының әкімі
- Ақшолақов Болат Оралұлы – Атырау облысының әкімі
- Байманов Шахмардан Асқарұлы – Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі
- Есімханов Сұңғат Қуатұлы – Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты, Экономикалық саясат, өнеркәсіп және энергетика комитеті төрағасының орынбасары
- Каринова Шолпан Таңатқызы – Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі
- Смышляева Екатерина Васильевна – Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты, Цифрландыру, инновациялар және ғылым комитеті төрағасының орынбасары
- Лукин Андрей Иванович – Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі
- Мусин Бағдат Батырбекұлы – Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі
- Шайымова Айгүл Амантайқызы – Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары, хатшы
2026 жылғы 25 қарашада Қасым-Жомарт Тоқаев "Халықтық құрылыс" инфрақұрылымды жаңғырту бағдарламасын іске асыруға бөлінген қаражаттың жұмсалуын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы" Жарлыққа қол қойды.