Мәжіліс Тұрақты даму мәселелері жөніндегі Парламенттік комиссияның жаңартылған құрамын бекітті

Мажилис Парламента РК, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.06.2025 15:34 Фото: senate.parlam.kz
2025 жылғы 18 маусымда өткен жалпы отырыста Мәжіліс депутаттары тұрақты дамудың ұлттық мақсаттары мен міндеттерінің іске асырылуын бақылау жөніндегі Парламенттік комиссияның жаңартылған құрамын бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәжіліс депутаты Альберт Раудың хабарлауынша, комиссия мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылған. Ол белсенді жұмыс істейді, кездесулер тұрақты түрде өткізіледі. Бұрынғы мәжілісмен Асқар Садықов пен Гауһар Танашева депутаттық корпустан кеткеннен кейін оның орнына Серік Ерубаев пен Ирина Смирнова комиссия құрамына енді.

Бұған дейін Мәжіліс Қазақстан мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді ратификациялауды мақұлдаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: