Мәжіліс Цифрлық кодекс жобасын қарауға алды

Мажилис Парламента РК, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.09.2025 11:56 Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
2025 жылғы 3 қыркүйекте өткен пленарлық отырыста Мәжіліс депутаттары Цифрлық кодекс жобасын қарауға қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов мәлімдегендей, Цифрлық кодекс жобасы мен оған қатысты ілеспе заң жобалары

2023 жылғы 1 қыркүйектегі Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру мақсатында әзірленген. Аталған кодекс пен ілеспе жобалар Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының бастамасымен дайындалған. Цифрлық кодекс жобасы 10 бөлімнен тұрады және цифрлық ортадағы қатынастарды реттеуге бағытталған.

Атап айтқанда, құқықтық қатынастар объектілерінің түрлері, цифрлық ортаның субъектілері, цифрлық сәйкестендіру, тәуекелдерді бақылау мен басқару, сондай-ақ жеке тұлғаның, қоғам мен мемлекеттің цифрлық кеңістіктегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қарастырылған", — деді депутат.

Ол сондай-ақ ілеспе заң жобаларында:

  • мемлекеттік қызметтер көрсету үдерісінде проактивтілік және экстерриториялылық қағидаттарын айқындау және сақтау;
  • белгіленген талаптарды сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілік енгізу көзделгенін атап өтті.

Бұған дейін Қазақстанда Сайлау туралы заңды қайта қарау жоспары туралы хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: