Польша елшісі желідегі парақшасын қазақ тілінде жүргізеді

Сурет: Instagram/polonia_elshi
Қазақстандағы Польша елшісі Михаил Лабенда әлеуметтік желілерде өз парақшаларын тек қазақ тілінде жүргізіп, көпшіліктің назарын өзіне аударды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Михаил Лабенда бұған дейін де қазақстандықтарды қазақ тілін жетік білуімен таңғалдырған еді. Биыл ақпан айында ол Мемлекеттік басқару академиясында қазақ тілінде дәріс оқып, үлкен әсер қалдырған болатын. Сондай-ақ, ол Торайғыров университетінде де қазақ тілінде баяндама жасаған.

Белгілі болғандай, 51 жастағы дипломат қазақ тілін 1990-жылдардың басында, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде оқып жүрген кезінде меңгерген. Ол кезде Михаил қарапайым жатақханада тұрып, айналасындағы адамдардың көбі қазақша сөйлеген.

Дипломат қызмет жолында бірнеше елде жұмыс істесе де, қазақ тілін ұмытпай, жадында сақтап қалған. Қазір ол Польша елшілігінің әлеуметтік желідегі парақшаларын түгелдей қазақ тілінде жүргізіп отыр.

Бұған дейін Астанада геологтар үшін 14 млрд теңгелік зертхана салынатындығын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жаңа тарихи белеске қадам басу: Қазақстанда стратегиялық даму жөніндегі сарапшылар тобы құрылды

Атырауда отыз отбасы "Отбасы банктен" баспаналы болды

Тоқаев халықтық цифрлық экономиканы дамыту туралы жарлыққа қол қойды

Шығыс Қазақстан облысында жаңа ветеринариялық пункттер ашылуда

Күйік асуындағы жол жөндеуінен бюджетке 191 млн теңге қайтарылды