Кремльде Тоқаев пен Путиннің бейресми кездесуі басталды

Сурет: akorda.kz
Кремльде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путиннің бейресми кездесуі басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кездесу басында Владимир Путин тараптар жақын және орта мерзімді келешекке арналған жоспарларды талқылап жатқанын атап өтіп, Қазақстан президентінің мемлекеттік сапармен келгеніне қуанышты екенін жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік әріптесіне жылы қабылдағаны үшін алғыс айтып, Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық және одақтастық ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өтті. Ол екі ел арасында елеулі келіспеушіліктер жоқ екенін, ал туындайтын мәселелер мемлекет басшылары мен үкіметтер деңгейінде шешілетінін айтты.

Еске салайық, бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Путиннің шақыруымен Мәскеуге мемлекеттік сапармен барғанын хабарлағанбыз.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының студенттерімен әңгімелесті. Студенттер Мемлекет басшысына қазақша тіл қатты.

Президенттің көмекшісі — баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Тоқаевтың Мәскеудегі жұмыс кестесі туралы айтты.

Молния

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Магистратура бойынша білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты